Құрметті мұнайшы Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған салтанатты митинг болды
2018 жылдың 19 қазанында «Х.Ж.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде» Құрметті мұнайшы Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған салтанатты митинг болды. Салтанатты шарада облыс әкімі Е.Тоғжанов сөз сөйледі. Облыс басшысы Маңғыстаудың үлкен мұнайының ғана емес, бүкіл республика мұнай-газ геологиясының алып тұлғасы Өзбекғалиев Халел Жағыпарұлының елеулі еңбегі мен кен орындарын барлау мен игеру жолындағы ел қазынасына қосқан үлесі туралы тоқталды. Жиынға қатысушы қонақтар, тумаластары ардақты мұнайшы туралы естеліктер айта келіп, Х.Ж.Өзбекғалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шараға қатысушылар «Х.Ж.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің» ғимаратында орналасқан мұражайға келіп, ардагер мұнайшының өмірінен деректер, яғни еңбек майданындағы фотосуреттері, марапаттаулар мен төсбелгілері, естеліктер, фотоальбомдармен танысты. Сондай-ақ, ұлы тұлғаның өмір жолына арналған бейнеролик мұражайға келушілердің назарына ұсынылды.
1 қыркүйек 2019
1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын! (Алғашқы қоңырау)
2019 жылдың қыркүйек айының 1-і күні Ақтау «Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау Политехникалық Колледжінде» маңызды білім беру колледжінде барлық оқу орындарымен қатар студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау «Білім күні» дәстүрлі мерекесі «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» салтанатты жиынға қатысушы білім басқармасының өкілі Утегенова Райгул Сиыховнаға берілді.
14 мамыр 2019
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық асыл қасиеттерді дарыту
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық асыл қасиеттерді дарыту, жастардың бірігуі және олардың қоғамға пайдалы позитивті қарым-қатынасын нығайту мақсатында , Облыстық «Қайырымдылық -жылы жүректен» атты эстафеталық жобасы аясында Халел Өзбекғалиев
14 мамыр 2019
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізіл
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «1 наурыз - Алғыс айту» күніне орай барлық топтарда тәрбие сағаттары өткізілді. Топ жетекшілері Р.Тоқсанбаев «Алғыс айту-парызым», С.Сейдалиева «Мен ұстазыма алғыс айтамын», А.Күзембаева «Алғыс жүректен шығады»,
14 мамыр 2019
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 26 наурыз күні бітіруші түлектерге диплом беру мерекесі өтті.
Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде ағымдағы жылдың 26 наурыз күні бітіруші түлектерге диплом беру мерекесі өтті. «Машина жасау технологиясы», «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша білім алған студенттерімізге диплом табысталып, колледж басшысы З.Есенбайқызы өзіңің ізгі тілегін арнап, сәт сапар тіледі.
11 сәуір 2019
«Кітапхана әлемімен танысу »
Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақхана студенттері арасында «Кітапхана әлемімен танысу » тақырыбында кітапхана меңгерушісі Сатыбалдиева Гульзайнап Хамитовнаның қатысуымен студенттер арасында әлемдік және өзіміздің кітапханамен танысу сұқбат әңгіме өтті
11 сәуір 2019
«Туринский процесс в Казахстане» в Мангистауской области
С целью анализа политики системы технического и профессионального образования, выявления сильных и проблемных сторон ТиПО региона с 24 по 26 сентября 2018 года Некоммерческое акционерное общество «Холдинг «Кәсіпқор» провел ряд мероприятий по исследованию «Туринский процесс в Казахстане» в регионе на базе Мангистауского политехнического колледжа.
10 сәуір 2019
1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне
2018 жылдың 30 қараша күні «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» орай кітапхана меңгерушісі Г. Сатыбалдиева мен тарих пәнінің оқытушысы Л.Шаңбасова «Ұлт мақтанышы-Елбасы» тақырыбында студенттерге топ сағатын өткізді. Студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер берілді.
9 сәуір 2019
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында топ сағаты өткізілді
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің студенттері арасында ағымдағы жылдың 26 қараша күні колледж психологі Жайна Батырбаеваның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында топ сағаты өткізілді.
9 сәуір 2019
«Күзгі бал-2018»
15 қараша 2018 жылы Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінің №5 жатақханасында «Күзгі бал-2018» мерекесі өтті. Жатақхана студенттері өнерін көрсетуден, киім үлгілерін жасаудан және тамақ түрлерін дайындаудан сайысқа түсті. Сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.
9 сәуір 2019
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»
Маңғыстау политехникалық колледжінің студенттерімен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша тренинг өткізілді.
9 сәуір 2019
Құрметті мұнайшы Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған салтанатты митинг болды
2018 жылдың 19 қазанында «Х.Ж.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде» Құрметті мұнайшы Халел Жағыпарұлы Өзбекғалиевтің 90 жылдығына арналған салтанатты митинг болды.
9 сәуір 2019
Маңғыстау облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі»
«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ 2018 жылдың 24 – 26 қыркүйек аралығында Маңғыстау политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті, әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.