» » Әлеуметтік серіктестердің білім беру үрдісіне қойған талаптарына сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау»

Әлеуметтік серіктестердің білім беру үрдісіне қойған талаптарына сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау»

Маңғыстау политехникалық колледжі базасында жоспарға сәйкес

«Әлеуметтік серіктестердің білім беру үрдісіне қойған талаптарына сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Семинарға Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті жанындағы бірлестік мүшелері, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқу шеберлері қатысты.

Мақсаты:

  • Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен білім сапасын арттыруда тәжірибелік білімді нығайту;
  • іс-тәжірибелерді ортаға салу, өзара пікір алмасу, озық тәжірибелерді насихаттау;
  • техникалық және кәсіптік білім берудегі заманауи жаңалықтарды, инновациялық технологияларды оқу үрдісіне енгізу.

Семинарға қатысушылар саны-37. Семинарды Маңғыстау политехникалық колледжі директорының міндетін атқарушы Қ.Абдуллаев құттықтау сөзімен ашты. Облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің сектор жетекшісі Т.Қайпиев сөз алып, семинардағы тәжірибе алмасулардың жас оқытушыларға берері көп екенін айтып сәттілік тіледі.

 Теориялық бөлімде Н.Байпақов «Колледждерде жұмыс берушілердің қатысумен индустриалдық кеңестер құру»; З.Шолтанова «Инновация-сапалы білім берудің өзегі», Л.Жұмабаева «Техникалық және кәсіптік білім берудегі игі қадамдар»; Ж.Булекбаева «Жұмыс берушілермен бірлесе отырып, мұнайгаз саласы бойынша салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарт әзірлеудің жобасы»; Б.Науырызова, А.Назарбекова «Жаңа формациядағы инженер-педагог кадрларды кәсіби дамытудың құралдарының бірі» тақырыптарындағы баяндамалары тыңдалды.

 Екінші бөлімде С. Айтуар 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша «Виртуалды ортада автокөліктің 3Д моделінде автокөлік құрылысының негізгі элементтерін зерделеу» тақырыбындағы шебер-сыныбын көрсетсе, 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша А.Илесбаева және С.Қараева «Интерактивтік ортадағы жеке компьютер жинау жөніндегі виртуалды зертханада жұмыс жүргізуді» көрсетті. 1302000 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша А.Абильшеева, М.Артықбаева, Қ.Бекова «Зертханалық оқу стендінде тәжірибелік жұмыс жүргізу» және Е.Серикқалиев және М.Байкубеков 1109000 «Токарь ісі және металлөңдеу» мамандығы бойынша интерактивтік ақпараттық модуль арқылы тәжірибелік сабақ өткізуді көрсетті.

Семинар соңындағы дөңгелек үстелде ұсыныстар, пікірлер айтылып талқыланды. 