» » Индустриалдық кеңес

Индустриалдық кеңес

   Мамандар дайындауда түлектердің кәсіби дайындық деңгейін, олардың ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін, оқу бағдарламаларының тиімділігін қамтамасыз ету және өндіріспен тығыз байланысты орнату мақсатында, коммерциялық емес АҚ «Кәсіпқор» Холдингпен»  колледж арасындағы келісім шартқа сәйкес        13 қазан 2016 жылы Жұмыс берушілердің қатысуымен Маңғыстау политехникалық колледжінің жанында  Индустриалдық кеңесі құрылды.

  Кеңес құрамы 30 адам. Дауыс беруге құқы бар Индустриалдық кеңес мүшелері-18 адам, коледж қызметкерлері-12 адам.

Индустриалдық кеңестің мақсаты мен тапсырмалары:

Әрбір колледжде Индустриалдық кеңесті құру мақсаты шынайы өндіріс пен академиялық процес арасындағы қарым-қатынас, өндіріс талаптарына сай білім беру бағдарламаларын өзектендіруді қолдау. Республика колледждеріне Индусриалдық кеңесті енгізудің басты тапсырмасы оқу орындарының Индустриалдық кеңесі арқылы мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге жұмыс берушілерді қатыстыру  . Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сай ТжКБ оқу орындарында мамандарды даярлауға мүмкіндік беру мақсатында  оқу процесіне жұмыс берушілерді  тарту.

Индустриалдық кеңес рөлі мен міндеттері:

1) Индустриалдық кеңес білім беру бағдарламаларының қолданылу, өзектілігі, сапалық және стратегиялық қажеттілігіне қатысты нұсқаулықтар мен кеңестер береді.

2)  Индустриалдық кеңестің басты міндеттері:

- бағдарламалардың үнемі өзектілігін қамтамасыз ету үшін бағдарлама мазмұнын жыл сайын өзгерту бойынша ұсыныстар беру;

- түлектерді жұмысқа орналастыру, студенттердің практикадан өтуі мен өндірісте оқу мүмкіндігін кеңейту үшін саламен байланысты орнату;

- түлектердің жұмысқа орналасуына әсер ететін ағымдағы сала тенденциялары, технологиялық өзгерістер мен дағдыны қажет ететін өзгерістер туралы ақпаратты ұсыну;

- жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері туралы кеңестер беру;

- оқу орының академиялық процесіне және оқу барысына саланы көптеп тарту жолдарын ұсыну;

- студенттерге арналған стипендия мен сыйақыны тағайындауға қолдау көрсету;

- зертханалар, шеберханалар мен басқа да объектілерге қажетті оқу-өндірістік құралдар бойынша оқу орынлдарына кеңес беру;

- оқу мүмкіндігі мен серіктестік қатынасты дамытуда оқу орнына көмек беру.

   2016 жылы  20 қазан күні Маңғыстау политехникалық колледжінің базасында   Индустриалдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Отырысқа қатысқандар 30 адам Индустриалдық кеңес мүшелері, оның ішінде12 адам үжым мүшелері.  

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:

  1. Маңғыстау политехникалық колледжінің Индустриалдық кеңесін құру және енгізу, оның құрылымымен таныстыру туралы.

                                               Баяндамашы – Байпаков Н.Ж.

  1. Индустриалдық кеңестің төрағасын, оның орынбасарларын сайлау.

                                                   Баяндамашы – Ниталиев Ж.К.

  1. Индустриалдық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту.

                                               Баяндамашы -  Байпаков Н.Ж.

 

Бірінші мәселе бойынша:

Н.Байпақов Колледждің индустриалдық кеңесінің мақсаты мен міндеттерін, оның статусы туралы  жиынға қатысушыларды слайдтар арқылы толығымен таныстырды. Кеңестің құрамын жинақтауда барлық кәсіпорын басшыларымен келісім жүргізілгені туралы айтып өтті..

Екінші мәселе бойынша:

  • Ж.Ниталиев кәсіпорын басшыларымен келіссөздер жүргізу арқылы Кеңстің төрағалығына ЖШС «Каспий битум» мекемесінің өндірістік бөлім басшысы Бердібекова Жібек Бердібекқызын, ал оның орынбасарларына АҚ «НИПИ нефтегаз» мекемесінің модельдеу департаментінің директоры Мадрейнов Жеңіс Жәнібекұлын және АҚ «ҰКҚТЖ» Маңғыстау бөлімшесінің 1-ші дәрежедегі инженері Хасайнова Бақтыгүл Саламатқызы сайланды.

Комитет төрағаларына:

  • Экономика және басқару комитетіне – АҚ «Ресей жинақ банкі» Ақтау филиалы директорының орынбасары Жүнісбеков Самат Жүнісбекұлын;
  • Мұнайгаз және химия өндірісі комитетіне – ЖШС «КазАзот» мекемесінің бас технологы Салаватов Фархад Рахметовичті;
  • Машина құрылысы және транспорт комитетіне ЖШС «Арғымақ сервис» мекемесінің президенті Құлшықов Шаттық Бейсенбайұлын;
  • Құрылыс және ақпараттық технологиялар комитетіне – ЖШС «Маңғыстауқұрылыссервис» мекемесінің ақпараттық бөлімінің бастығы Төлемісов Даулет Төлемісұлы сайланды.

Үшінші мәселе бойынша:

Н. Байпақов кеңес мүшелерін 2016-2017 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

 

Кеңес төмендегідей шешім қабылдады:

     1.Маңғыстау политехникалық колледжіің Индустриалдық кеңесі құрылсын және енгізілсін.

  1. Индустриалдық кеңестің төрағасы Бердібекова Жібек Бердібекқызы, оның орынбасарлары Мадрейнов Жеңіс Жәнібекұлы және Хасайнова Бақтыгүл Саламатқызы болып бекітілсін.
  2. Экономика және басқару комитетіне Жүнісбеков Самат Жүнісбекұлы,мұнайгаз және химия өндірісі комитетіне Салаватов Фархад Рахметович, машина құрылысы және транспорт комитетіне  Құлшықов Шаттық Бейсенбайұлы, құрылыс және ақпараттық технологиялар комитетіне Төлемісов Даулет Төлемісұлын бекітілсін.
  3. Индустриалдық кеңестің 2016-2017 оқу жылына арналған жұмысжоспары бекітілсін.

Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес
Индустриалдық кеңес