» » «Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті.

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» атты облыстық семинар-практикум өтті.

Бұл семинар-практикумның негізгі мақсаты:

  • инновациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын көрсету;
  • оқытушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру;
  • озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және өзара тәжірибе алмасу;

Семинар-практикумға Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері,  әдістемелік бірлестік мүшелері,  әдіскерлер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты.

«Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту - жаңа формациядағы педагог міндеті» аттты облыстық семинар-практикумның жоспарына сәйкес, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің директорының міндетін атқарушы                 К. К. Джантекеева алғы сөз сөйледі және  колледж директоры Ж. К. Ниталиев бағдарлама бойынша бұл семинар-практикумның 3 бөлімнен және 2 бағытқа бөлінгендігін таныстырып, 2016-2017 оқу жылы аттестаттаудан өтетін оқытушылардың ашық сабақтары, шеберлік сабақтары, панорамалық сабақтарын және баяндамаларын атап өтті.

Бұл семинар-практикумның бағдарламасына сәйкес, 1-бағыт бойынша тарих пәні оқытушысы Р. Шаудирбаевтың «1929-1931 ж.ж. Кеңес өкіметіне қарсы шаруалар көтерілісі.   Адай көтерілісі» тақырыбында ашық сабағын, алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Б. И. Шәріп және дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Б. У. Бахтеновтің бірлесе «Болашақ жас сарбаздар» әскери спорттық сайыс сабағын, тарих пәні оқытушысы А. К. Аманжолованың «Қазақ жүздерінің этникалық құрылымы», дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Г. Б. Умирханованың «Волейбол ойынындағы шабуылдаудың тактикалық қимылдары, Толқын, Крест» тақырыбындағы панорамалық сабақтарын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Ш. Т. Толесинова және   Ж. З. Адилбекованың «Маңғыстау –маңғаз мекенім» ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ал 2-бағыт бойынша, салық және салық салу пәнінің оқытушысы  А. К. Аманкалиева және информатика пәні оқытушысы С. К. Караеваның бірлесе «Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және әлеуметтік төлемді есептеу» тақырыбындағы бинарлы сабағын, физика пәнінің оқытушылары   Н. Ж. Муналбаева мен Г. Е. Курашеваның бірлесе «Құпиясы кең әлем» физикалық кеші сайыс сабағын, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету пәні оқытушысы С. С. Айтуардың «Автомобиль дөңгелектеріне  теңгеру жасау», Мұнай мен газды жинау және дайындау пәні оқытушысы   М. Ч. Епенованынң «Мұнай, ілеспе газ және суды жинаудың кәсіпшілік сызбалары» тақырыбындағы шеберлік сабақтарын, химия пәнінің оқытушылары Г. А. Туракованың «Аммиак, аммоний тұздары», С. И. Мугауованың «Мұнай құрамындағы судың мөлшерін   анықтау» және физика пәні оқытушысы К. О. Айтмаганбетованың «Ядродағы  нуклондардың  байланыс  энергиясы» тақырыбындағы панорамалық сабақтары өткізілді

Семинар-практикумның жоспары бойынша, теориялық бөлімде Маңғыстау политехникалық колледжінің ресурстық орталығының меңгерушісі А. Р. Туребаевтың «Мамандарды даярлау мен қайта даярлаудағы ресурстық орталықтардың қызметі» тақырыбындағы баяндамасы оқылды және Беларусь елінің, Минск қаласындағы Республикалық кәсіптік білім институтына іс-сапарынан кері байланыс жасалды.

         Сонымен бірге тарих пәні оқытушысы Р. С. Абишевтің «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі - Мәңгілік елдің ұлы тарихы»  тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

Семинар-практикум барысында биылғы 2016-2017 оқу жылында аттестаттаудан өтетін оқытушылардың шығармашылық сабақтары талданып, сәйкесінше қорытындыланды және аттестатталушы оқытушылар қатысушылардың тарапынан ұсынылған біліктілік санатына лайықты деп танылды.