Система менеджмента качества

Маңғыстау политехникалық колледжінің   2014 оқу жылындағы

сапа менеджмент жүйесі жұмысының жүргізілуі туралы

       

      СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндеттерімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. Сапа саласындағы саясат – жүйенің негізгі құжаты. Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын,  сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың

міндеттерін   белгілейді. 

  Сапа менеджменті жүйесі  Маңғыстау политехникалық колледжінде   2014 жылы 24 ақпан  айындағы №29/11-048-14 негізінде ЖШС «Қазақстандық сапа орталығы»консалтинг компаниясы арқылы енгізілді.  Колледж әкімшілігі сапа менеджмент жүйесін  ИСО 9001:2008, СТ РК 9001-2009 стандарт талаптарына сай  енгізді. Колледжде СМЖ енгізу үшін алдынала ЖШС «Қазақстандық сапа орталығы»  түзген кестеге сай жұмыс жүргізді. ЖШС «Қазақстандық сапа орталығы»  аудиторы  Колесникова И.И және бас кеңесшісі Пак Б.Н. 6 сатылы жүйеде колледж қызметкерлерімен тренингтер өткізіп, құжаттармен стандартқа сай жұмыс істеуде кеңес беріп отырды.

СМЖ енгізуде колледж өз құжаттарын төмендегі сатылы жүйеде дайындады:

1. САТЫ – сапа саласындағы саясаты, мақсаты;

2. САТЫ – сапа жөніндегі нұсқаулық;

3. САТЫ – методологиялық нұсқаулықтар;

4. САТЫ – құжаттандырылған процедуралар;

5. САТЫ – процестер картасы;

6. САТЫ – жазбалар.

       Алғаш СМЖ бойынша құжаттарды дайындау ИСО стандартының талаптарына , Маңғыстау политехникалық колледжінің саясатына, мақсатына, 2011-2015 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына , негізгі аса қажетті құжаттар жүйесіне сүйенді. Ол құжаттар СМЖ енгізу барысында колледж директорының бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен (құрамында: директордың оқу ісі бойынша орынбасары, директордың АТ ісі бойынша орынбасары, директордың тәрбие ісі бойынша орынбасары, директордың оқу-әдістемелік  ісі бойынша орынбасары, басшылықтың сапа бойынша өкілі, мамандар бөлімінің басшысы, колледж әдіскері, бөлім басшылары) дайындалып, талқыланған алты міндетті процедуралар болды:

- Құжаттарды басқару;

- Сапа жөніндегі жазбаларды басқару;

- Сәйкессіздіктерді басқару;

- Түзетуші әрекеттер;

- Алдын-алу әрекеттері;

- Ішкі аудитті жүргізу.

         Сапа менеджменті жүйесінің бас құжаты – сапа бойынша нұсқаулық, мұнда колледждің барлық жүйесі, процесстердің өзара қатынасын суреттеп, процесс карталарын толық тексеру мүмкіншілігін береді және жоғарғы басшылықтың перспективалық ойларының төзімділігін, оның ИСО талаптарын орындаудағы мәселелерін анықтап отырады. Ол үшін колледжде СМЖ енгізу барысында 24 қызметкер 2014 оқу жылында СМЖ бойынша «ISO 9001:2008 стандартының талаптарына сай Сапа менеджменті жүйесін  енгізу»  семинарына қатысып, сертификат алды. Колледжге СМЖ енгізу бекітілген жоспарға сай жүргізіліп отырды, үнемі қызметкерлерді ИСО 9001:2008/2009 стандарт талаптарымен таныстыра отырып, колледждегі процесстермен қалай жұмыс істеу қажеттігі, қандай құжаттар дайындалу қажеттігі талқыланып отырды.

       2014 жылдың 11-12 мамыр  аралығында ЖШС «Қазақстандық сапа орталығы»сертификаттау орталығының аудиторы Бозжанова Р.Хсыртқы аудит өткізді. Аудит нәтижесі бойынша колледждің сапа менеджменті жүйесі ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сай екендігін дәлелдеп, «Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес орта кәсіптік буын мамандарына қатысты білім беру қызметінің халықаралық стандарттар талабына сәйкестігін жасақтау және дайындау» ҚР Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің Мемлекеттік тізімінде 29 мамыр 2014 жылы №KZ7500729.07.03.00362 тіркелген СМЖ сәйкестік сертификаты берілді.     

  2014-2015 оқу жылына Маңғыстау политехникалық колледжінің Саясаты мен Мақсаттары жасақталынды, тамыз айында педагогиқалық кеңісінде бекітілді (№1 хаттама, 29.08.14). 2014-2015 оқу жылына Маңғыстау  политехникалық колледжінің ішкі аудит жоспар-кестесі 2014 жылдың 8 қыркүйек айында  жасақталып, бекітілді.2014-2015 оқу жылында 2 ішкі аудит қарастырылған. Ішкі аудит кезінде тіркелген сәйкессіздіктерді жою мақсатында МПТК бөлімшелерімен жасақталған іс-әрекеттерін тіркеу журналы бойынша тексеру жүргізіледі. Ішкі аудит жүргізілген соң аудит хаттамаларына және ішкі аудитор есебіне сәйкес Басшылықтың сапа бойынша өкілі «Басшылық тарапынан талдау» құжатын дайындап отырады. Осы құжатқа сай колледж қызметі сапасының мониторингі жасалады. Колледждегі процестердің барысын құрылымдық бөлімдерді аудиттен өткізу арқылы рейтингісін шығарып, мониторингін бақылау арқылы қай процесс сапалы жұмыс жүргізетіні анықталады.

ИСО 9001-2009  талаптарына сай білім беру ұйымының қызметінің сапасын анықтау үшін ұйым басшылығы қажетті құжаттарды жүргізу ісі мен жазбаларды басқару мәселесінде ұйымның саясаты мен алға қойған мақсат-міндеттеріне әрқашан жүгініп отырады. Колледждің жоғарғы басшылығы өз тарапынан сапа саласындағы саясаттың:

-ұйым мақсаттарына сәйкес болуын;

-сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкес болуын және тиімділігін үнемі жақсартуға деген міндеттердің болуын;

-сапа саласындағы мақсаттарды қоюға және талдауға негіз құруды;

-ұйым қызметкерлеріне жеткізілуін және оған түсінікті болуын;

-үнемі қажеттілігіне қарай ұдайы талдануын қамтамасыз етіп отырады. 

      СМЖ енгізу барысында колледж директоры басшы ретінде жүйені әзірлеу мен енгізу жөнінде, сондай-ақ оның тиімділігін үнемі жақсартуда:

-ұйымға тұтынушылар талаптарын, заңнамалық және регламенттік талаптарды орындаудың маңыздылығын жеткізу;

-сапа саласындағы саясатты әзірлеу;

-сапа саласындағы мақсаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

-басшылық тарапынан талдаулар жүргізу;

-қажетті ресурстармен қамту арқылы өзінің міндеттерінің куәлігін қамтамасыз етіп отырды.

 

       Сапа менеджмент

        жүйесі жетекшсі                                                З.Е.Шолтанова