» » План работы на 2016-2017 учебный год

План работы на 2016-2017 учебный год

План работы на 2016-2017 учебный год

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      Мақсаттары мен міндеттері

 

 

  • Негізгі міндет, бағыт, бағдарлама – кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ақпараттар берумен, мәдени-ағарту және ғылыми көпшілік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Оның негізгі міндеттері – оқу-тәрбие процесін әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының маңызы құрылымдық бөлімшесі. Сондай-ақ білімді, рухани және интеллектуалдық қатынасты, мәдениетті тарату орталығы болып табылады. Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдесінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етіп және бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы;
  • Бүгінгі күннің басты мақсаты – студенттерді кітап мәдениетіне баулу;
  • Жас өспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеп, өз елінің тарихын, отанын сүюге, қорғауға баулу;
  • Кітапхананың мақсаты, колледж оқу орындарымен, көпшілік ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, жоғары талантты оқырман тәрбиелеу. Олар адамгершілігі мол, интеллектуалды, әдеби шығармалардағы тәжірибелерді ала беретін болу керек;
  • Кітапхана қорында сақталатын баспа басылымдары мен материалдарды оқырмандардың қолданысына бере отырып, оқырмандарға арнаулы қызмет көрсету;
  • 2016 – 2017 оқу жылы колледж кітапханасының жүйесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында: « Әлемдегі жаһандану, сын-қатерлер, қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру » жүйесін қайта қарауды талап етіп отыр. ХХІ ғасырда дамыған елдер арасында білім беру саласында реформа жүргізбеген бірде-бір ел жоқ. Мұның өзі жаһандау, технологиялар, демографиялық өзгерістерге білім беру жүйесі арқылы қалай ықпал етуге болатындығын түсінуге әкеледі. Осыған орайластыра біздің көрген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев « 100-нақты қадам » - деп аталатын Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялады және осы « 100-нақты қадам » - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап екендігін ашып айтты. Шынында да егемен еліміздің экономикалық гүлденуінің негізі, жастардың ертеңгі жарқын болашағы бүгінгі студенттеріміздің білім алу деңгейінің, колледждің атқарып отырған жұмыстарынан көрінетіні анық;
  • Ұлт жоспары – « 100-нақты қадам » баршаға арналған қазіргі    замандағы     мемлекет   « Қазақстан 2050 » стратегиясын жүзеге асыруын межеге апарар жолы ретінде қоғам мен мемлекет түбегейлі жаңғыртуға негіз қолайлы.

 

        Студенттерге кітапхананың қызмет көрсетуді ұйымдастыру

 

 

  • Колледж кітапханасы өз кітаптарын кітап қорын насихаттау саласында оқырмандарды оқуға тарту, қоғамдық кунделікті өзгертіп жатқан ақпараттың материалдық көптігі болашақ мамандардың дұрыс пайдалана білуін қамтамасыз ету; 
  •  Студенттердің функционалдық сауаттылығын дамытуда білім беру саласындағы колледж кітапханасының да атқаратын рөлі маңызды болып табылады;
  • Студентте халықтың қоғамдық өмірін, оларға идеялық-саяси, рухани- адамгершілік, этикалық-эстетикалық т. б. тәрбие беруге, дүниеге көзқарасының, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті оқу арқылы кітап қуатты құралдардың бірі болып танылады;
  • Кітапханашы кез келген оқырман студентке серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін атқарады;
  • Мақсатты жұмыс жасау оқырман біліктілігінің дамуы мен қалыптасуына, әр студенттің білімінің терең әрі сапалы болуына, студенттің жоғары нәтижеге ұмтылуын қалыптастырады, тұлғаның туа біткен қабілеттерінің ашылуына септігін тигізеді;
  • Кітапханада өтетін көпшілік шараларға студенттерді, оқырмандарды тарту – алға қойылып отырған негізгі мақсат;
  • Кітапханада өтетін көпшілік шараларға студенттерді, оқырмандарды тарту – алға қойылып отырған негізгі мақсат;
  • Кітапханада өтетін көпшілік шараларды « Маңғыстау », « Огни маңғыстау », газетіне жариялаймыз.

 

 

 

 

 

 

             Кітапханада кітап қорын толықтыру және қорды сақтау

 

 

  • Кітапхана қорын толықтыру колледж кітапханасы « ФОЛИАНТ » , « NURPRESS » баспасы арқылы  тапсырыс берумен  кітаптар жеткізіледі. Кітапханаға мекемеден сыйға тартқан кітаптармен де толықтырып отырады.
  • Кітапханашы кітап қорында айдың соңында тазалық кунін жариялайды, кітапханаға қарыз оқырмандарға телефон соғу, топ жетекшілеріне жазбаша ескерту жазу да жүргізіліп отырады.

 

              Бірыңғай кітап қорын пайдалану бөлімінің қызметі

 

2016 – 2017 жылға бөлімінің алдына қойған  міндеттері мен негізгі бағыттары.

 

      -      Бірыңғай кітап қорын насихаттау;

 

  • Кітап қорын өңдеу, жөндеу, зерттеу жұмыстарын жүргізу;

 

  • Студент сұранысын қанағаттандыру студенттермен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттары;

     

  • 2016 – 2017 оқу жылы оқырмандарды құрамына қарай;

 

  • Студенттер;

 

  • Ұстаздар;

 

  • Алғаш келген оқырмандарға кітап алуды басшылыққа алу;

 

  • 2016 – 2017 оқу жылында кітапханаға оқырман тарту.

 

 

    

   

 

      

                 І - Жұмыстың мазмұны

      Өтетін   

     уақыты

    Жауапты

1.1.

Жаңа кітаптарға сұраныс беру

   Жыл бойы

Сатыбалдиева Г.Х

1.2.

Келген кітаптарды қабылдап алу

      -//-//-//-

      -//-//-//-

1.3.

Келген кітаптарды өңдеп алу

      -//-//-//-

      -//-//-//-

1.4.

Кітап қорын инвентаризациялау

     -//-//-//-

     -//-//-//-

1.5.

2017 жылға мерзімдік басылымдарға жазылу

      Қазан 

Сатыбалдиева Г.Х.

1.6.

Кітап қорын компьютерге кіргізу үшін дайындық жұмысын жүргізу

   Жыл бойы

Бекмуратова. Р.С.

  II – Каталогпен жұмысы                                 

 

 

2.1.

Жаңа түскен кітаптарды карточкаға жазып, каталогка құйып отыру.

   Жыл бойы.

Сатыбалдиева Г.Х.

2.2.

Кітап қорынан шыққан кітаптарды каталогтан шығарып отыру.

     -//-//-//-

Бекмуратова. Р. С.

2.3.

Каталогты өңдеу

     -//-//-//-

     -//-//-//-

2.4.

Каталогты сараптап отыру

     -//-//-//

     -//-//-//-

  III – Оқырмандарға қызмет көрсету                

                                                                                                          

 

3.1.

Жаңа келген оқырманды жазып, тіркеу.

   Жыл бойы

Бекмуратова. Р. С.

3.2.

Жаңа жазылған оқырманды кітапхана ережесімен таныстыру.

     -//-//-//-

     -//-//-//-

3.3.

Ақпараттың материалдарды алу үшін ғаламтормен жұмыс жасауға оқытушылар мен студенттерге мүмкіндік жасау.

     -//-//-//-

     -//-//-//-

3.4.

Электронды оқулықтардың басылымын енгізу, жаңартып отыру.

     -//-//-//-

Илесбаева А.  

 

  IV – Анықтама – библиографиялық жұмыс

 

4.1.

Тақырыптық карточкалармен жұмысты жалғастыру, жаңа материалдармен толықтырып отыру.

   Жыл бойы

Сатыбалдиева Г.Х.

4.2.

Тақырыптық сұраныстарды қанағаттандыру.

     -//-//-//-

Бекмуратова. Р. С.

4.3.

Мерзімдік басылымдар бойынша шолулар жүргізу.

  Айына 1 рет

     -//-//-//-

4.4.

Колледж мамандықтары бойынша «Ақпарат күндерін» өткізіп отыру.

  Квартылына

       1 рет

Сатыбалдиева Г.Х.

 

4.5.

Тақырыптық папкаларды материалдармен толықтыру

   Жыл бойы

Бекмуратова. Р. С.

         

 

 

V – Көпшілік жұмыстары

 

 

 

                   Іс – шара тақырыптары

Іс – шара түрлері

     Өткізу

    мерзімі

 

  5.1.

« Ата заңы »

      Кітап 

     көрмесі

  Қыркүйек

 

  5.2.

« Мерейлі отбасы »

      Кітап

     көрмесі

  Қыркүйек

 

  5.3.

Қазақстан халықтары тілдер мерекесіне арналған   

 « Тіл ұлттың тағдыры »

 Апталыққа 

     қатысу

  Қыркүйек

 

  5.4.

« Тіл – достықтың дәнекері »

      Кітап

     көрмесі

      -//-//-//-

 

  5.5

« Ұстаздардың ұстазы – дара тұлға »

      Кітап

     көрмесі

      Қазан

 

  5.6.

« Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік »

   Баяндама

      -//-//-//-

 

  5.7.

« Темекінің зияны »

Тақырыптық

      шолу

      Қазан

 

  5.8.

« Зиянды заттар – туралы тақырыптық сөз »

Тақырыптық сөре

      Қазан

 

  5.9.

« Кітап – ғажайып әлем »

    Әңгіме

     Қараша

 

  5.10.

« Табиғат аясында »

      Кітап

     көрмесі 

      -//-//-//-

 

  5.11.

« СПИД » - ХХІ ғасыр дерті

   Баяндама

  Желтоқсан

 

  5.12.

« Елбасы – мақтанышым »

     Стенд

      -//-//-//-

 

  5.13

« Ел тірегі – білімді ұрпақ  »

      Кітап

     көрмесі

      -//-//-//-

 

  5.14.

« Желтоқсанда үзілген жауқазым »

       Кеш

      -//-//-//-

 

  5.15.

« Тәуелсіздік жолында »

      Кітап

     көрмесі

      -//-//-//-

 

  5.16.

« Қош келдің Жаңа жыл» мерекелік кеш өткізу

  Мерекелік 

      кеш

Студенттермен

 

  5.17.

« Менің отаным »

      Кітап

     көрмесі

     Қаңтар

 

  5.18.

« Кітап – жан азығы »

  Дөңгелек

     үстел

      -//-//-//-

 

  5.19.

« Менің денсаулығым - менің болашағым»

     Папка

  дайындау

      -//-//-//-

 

  5.20.

« Ерлік даңқы өшпейді »

      Кітап

     көрмесі

      Ақпан

 

  5.21.

« Жаңа әдебиеттер »

      Кітап

     көрмесі

      -//-//-//-

 

  5.22.

« Хош келдің Наурыз »

 Мерекелік 

      кеш

     Наурыз

 

  5.23.

« Ана – өмірдің гүлі »

      Кітап

     көрмесі

      -//-//-//-

 

  5.24.

« Туған өлкеге сиқырлы саяқат »

      Кітап

     көрмесі

       Сәуір

 

  5.25.

« Кітап – жан азығы »

Әңгіме шолу

      -//-//-//-

 

  5.26.

« Менің Қазақстаным » мемлекеттік рәміздер күні 

      Стенд

      Мамыр

 

  5.27.

« Рәміздерім мақтанышым »

      Кітап

     көрмесі

     Маусым

 

  5.28.

« Бірлік пен берекенің бесігі – туған жер »

    Ауызша

     журнал

     Маусым

 

  5.29.

« Жыл бойы өтілген жұмыстарды қорытындылау «

   Баяндама

      жасау

      -//-//-//-

 

VI – Есеп беру, жоспарлау

 

 

  6.1.

Текстік және цифрлық есеп беру

 

     Жыл аяғы

  6.2.

Бір жылдық есеп беру

 

     Қыркүйек

  6.3.

2016– 2017 оқу жылына жұмыс жоспарын жасау

 

     Қыркүйек

VII – Эстетикалық безендіру

 

 

  7.1.

Жұмыс орнын әзірлеу

 

     Күнделікті

  7.2.

Тазалық күні

 

   Айына 1 рет

  7.3.

Тазалық сағаты

 

   Аптада 1 рет

 

 

                   2015-2016 оқу жылының қорытындысы

        Оқу жылының басында колледж кітапханасы оқу тәрбие жөніндегі орынбасарымен бірлесе отырып кітапхана жоспары жасақталып, директорға бекітілді. Кітапханашы мен білім алушы арасында ынтымақтастық, тең құқылы серіктестік қарым-қатынас кітапханада жүргізілетін барлық жұмыс бағыттарында ескеріледі. Оқытушылар өздерінің пәндік кештерін сайыс байқауларын кітапханамен байланыста жүргізеді. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын ұжым болып тыңдау, соған сай топ сағаттар өткізу колледжде дәстүрге айналған шара. Әр жылдағы жолдаулар бір-бір папка болып тігулі. Биылғы жыл қазақстандықтар үшін ең маңызды жыл: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен, тарих толғатқан тәңірімнің жіберген сыйы – Тәуелсіздік күні 1991 жылы 16 желтоқсан күні жетті. Міне, содан бері 25 жыл да зырғып өте шықты. Көп ұлтты құшағына басқан дархан қазақ елін тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев дөнегөйлігімен басқарып отыр. Бейбітшілік құсы қонған елім нағыз қой үстіне бозторғай ұялаған заманда ғұмыр кешуде. Қазақ ұлтының егемен ел болғанына да ширек ғасыр толғалы отыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шара, соның ішінде біздің колледж кітапханасында жалғасын тауып жатыр.  « Тәуелсіз Қазақстан өсіп-өне бер » - атты кездесу, « Тәуелсіз елдің жаңа белесі » - көрме, « Тұғырлы бол – Тәуелсіздік » т. б. шаралар өткіземіз.

        Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын бүгінімізді ертеңімізге жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді естен шығармайық.

        Кітап көрмесін ұйымдастыру – студентті кітап оқуға шақыру, зияткерлік шығармашылық жұмысқа тарту, көрмені студент пен бірге шығармашылықпен сөйлете білу, қазіргі заман технологияларын пайдалану арқылы кітапты насихаттау.  Кітапханадағы  « Заң тек ақиқатқа иеді » , « Мемлекеттік тіл – Ұлт деңгейі » , «Ұстаз болу – жүректің батырлығы » , « Кітап – сырлас досың » , « Бірлік түбі – береке » ,      « Ұлтына қамқор  - Елбасы Н.Ә. Назарбаев » т. б. көрмелер кітапханашы мен оқырманның шығармашылығынан туған дүниелер.  « Кітап - ғасыр мұрасы » ,             « Кітаптың пайдасы – мол » , « Маңғыстау  - менің мақтанышым » атты стендтері жаңа ақпараттармен толықтырылып тұрады. « Кітап – білім бұлағы » - атты тақырыпта баяндама жасадым. Кітапханадағы бірлескен жұмыстың нәтижелері жинақтаулы тұр. Жалпы колледж оқытушылар мен студенттердің шығармашылықтары, өткізген шаралары туралы материалдар облыстық газеті             « Маңғыстау » , « Огни Мангистау » , Республикалық журналы  « Кәсіптік мектеп »,    « Бағдарлы мектеп » сандары болып тігілген.   Колледж кітапханасы тәрбие қызметін ұйымдастыруда ұжыммен істелген жұмыс нәтижесі, пән апталығы, тақырыптық кеш т. б. мәдени іс-шараларын өткізуде. Оқырмандардың көркем әдебиетті оқып, қызығушылығын арттыру мақсатында кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен таныстырып, кітапханалық шолулар, әңгімелер өткізіп тұрады. Мәдениетті жас өспірімді тәрбиелеудің басты көзі – әдебиет десек, әдебиетті оқытудағы әрбір дұрыс әдіс – тәсіл нәтиже бесігі.

        Тәуелсіз Қазақстанның келешегі – жас ұрпақты тәрбиелейтін колледж дейтін болсақ, сол колледжде орналасқан кітапхана да осы міндетті бірге атқарады. Жаңа заман талабына сай құралдардың келуі, жаңа кітаптардың мол болуы студенттеріміздің көңілінен шығып, кітапхана жұмысының дамып, жан-жақты өрбуіне өң әсерін тигізіп келеді.       

         Алдымыздағы  басты міндет – ұлт жанды, кітапты сүйетін білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан, алдағы уақытта да өз жұмысымыздың аясын кеңейтулі мақсат етіп отырмыз. Кітапхана жұмысының әліде жоғары деңгейде көрінуіне колледж студенттерімен бірлескен түрде жұмыстар жүргіземіз.    

 

 

 

 

Кітапхана меңгерушісі :                                       Сатыбалдиева Г.Х.